21 желтоқсаннан бастап банктік омбудсмен Қазақстан азаматтарының барлық несиелер бойынша, оның ішінде тұтынушылық несиелер бойынша да дауларын қарайды, деп хабарлайды Kazpravda.kz АРРФР сілтемесімен
Биылғы жылдың тамыз айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие алушылардың құқықтарын қорғауды күшейту және қаржылық дауларды шешу жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар заңнамалық өзгерістер қабылдады.
«Маңызды жаңалықтардың бірі – банктік омбудсменнің өкілеттіктерін кеңейту. Өзгерістер 2024 жылдың 21 желтоқсанынан бастап күшіне енеді. Енді ол Қазақстан азаматтарының барлық несиелері бойынша, соның ішінде тұтынушылық несиелер бойынша да дауларды қарайтын болады. Бұрын омбудсмен ипотекалық несие шарттары бойынша тек жеке тұлғалар мен банктер арасындағы дауларды шешуге қатысатын», – деп түсіндірді АРРФР.
Банктік омбудсмен – банктер үшін міндетті болып табылатын шешімдер қабылдайтын тәуелсіз тұлға. Оның қызметтері ақысыз. Омбудсменнің негізгі міндеті – несие алушылар мен кредиторлар арасындағы қаржылық дауларды сотқа дейін реттеу.
Банктік омбудсменге жүгінгенге дейін несие алушы өзінің кредиторына жүгінуі тиіс. Омбудсмен сотқа қарауға қабылданған немесе заңды күшіне енген сот актісі бар, сондай-ақ жаңа мән-жайлар болмаған жағдайда қайтадан жіберілген өтініштерді қарамайды.
Сол күннен бастап микрофинанс омбудсмені институты жұмысын бастады. Кеңестің отырысының нәтижесінде көпшілік дауыспен микрофинанс омбудсмені Назгүл Естеусизованы сайлады.