Күдікті 2005 жылдан 2007 жылға дейін Алматыдағы құрылыс компаниясында бухгалтер болып жұмыс істеді. Ол үлестік құрылысқа қатысушылардан ақша қабылдап, бухгалтерлік есепте көрсетілмеген жалған квитанцияларды құрылыс объектісінің кассалық кіріс ордерлеріне жазып берді.
Ол үлестік құрылысқа қатысушы 80-ден астам адамға 3,7 миллиард теңгеден астам көлемінде зиян келтірді.
Бұл қылмыстың бір қатысушысы ұсталып, сотталды, ал күдікті қашып, халықаралық іздеу жарияланды. Ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, ҚР Бас прокуратурасының сұрауымен Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында жатыр. Оның жасаған қылмысы үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған.