vestikz.com

АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы реформаларды жоғары бағалады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінде Қазақстан Республикасының Елшісі Ержан Ашықбаевтың АҚШ-тың азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі Мемлекеттік хатшының орынбасары Узра Зеямен кездесуі өтті, деп хабарлайды Bizmedia.kz.
Госдеп США положительно отметил реформы Казахстана в сфере прав человека.

Кездесу барысында америкалық тарап Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалар мен демократиялық өзгерістер бағдарламасын мықты қолдауын қайта растады. Атап айтқанда, У. Зея мемлекет басшысының адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы Жарлығын және оның жүзеге асырылуы бойынша іс-қимыл жоспарын жоғары бағалады.

Тараптар адам құқықтары мен демократиялық реформалар бойынша Жоғары деңгейдегі диалог аясындағы өзара әрекеттесудің негізгі аспектілерін конструктивті түрде талқылады. Отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес, адам саудасына қарсы тұру және инклюзивті қоғамды дамыту саласындағы жетістіктер атап өтілді.

Сондай-ақ, өткен жылғы «С5+1» саммитінің қорытындысы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары бойынша диалогтың сәтті басталуы туралы да айтылды.

Кездесуді қорытындылай келе, тараптар өзара мүдделер мен ортақ құндылықтарға негізделген өнімді және сенімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.